Еуропаның көлік саласы кәсіби жүргізушілер тапшылығының күрделі дағдарысына тап болды. 2024 жылы ЕО бойынша 426 мың жүк көлігі жүргізушісі жетіспейді, ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш екі еселенеді деген болжам бар. Сарапшылар бұл жағдайды қатаңдаған виза ережелерімен, қартайған жұмыс күшімен және жастардың мамандыққа қызығушылығының төмендеуімен байланыстырады.
Girteka Transport бас директоры Миндаугас Паулaускастың айтуынша, негізгі бөгет – мотивация емес, реттеуші талаптар. Виза мен жұмыс рұқсаттарын алу қиындап, компаниялар дайын жүргізушілерді де тез жұмысқа қабылдай алмай отыр.
Girteka жүргізушілерге жағдай жасуға ұзақ мерзімді стратегия ретінде қарайды. Компания 2026 жылы Познань мен Шяуляйдағы оқу орталықтарына 300 мың еуро инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, автопарк жаңартылуда: Volvo компаниясынан 2 000 жаңа жүк көлігі сатып алу туралы келісімге қол қойылды, 2025–2026 жылдары тағы 8 000 жүк көлігі мен тіркеме қосылмақ.
Компания жүргізушілердің еңбек жағдайын жақсартуға басымдық береді: қауіпсіздік, демалыс, жұмыс-өмір теңгерімі және мәдени әртүрлілікке құрмет. Girteka-ның айтуынша, жалақы маңызды болғанымен, құрмет пен қолайлы жағдай жүргізушілерді ұзақ мерзімге ұстап тұруда шешуші рөл атқарады.
Миндаугас Паулaускас реттеушілерді де белсенді әрекетке шақырды. Оның пікірінше, ЕО жүргізушілер тапшылығын азайту үшін ЕО-дан тыс жүргізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдетуі, салмақ нормаларын үйлестіруі және интермодальды тасымалға қолдау көрсетуі қажет.
Girteka ішкі жүргізушілер академиясы арқылы жаңа қызметкерлерді оқытып, барлық жүргізушілердің кәсіби стандарттарын көтеруде. Компания басшысы:
«Жүргізушілер – көлік саласының болашағы. Олардың жағдайына инвестиция жасамайтын компаниялар ұзаққа бармайды», – деп атап өтті.
