Логистика әлемін қазақ тілінде аш! 
Қойма, тасымалдау, жеткізу тізбектері – бәрі бір жерде. Студенттерге, кәсіпкерлерге және логистикаға қызығушыларға арналған пайдалы ақпарат!

smmscore.com

Біз туралы

Сәлем! Біз — Камалова Мадина және Сейтказыева Тогжан, логистика мамандығының студенттері және болашақ мамандар. Бұл сайтты біз логистика мамандығының маңыздылығын қазақ тілінде кеңінен таныстыру және толық ақпарат беру мақсатында құрдық.

Логистика — тек тауар қозғалысы емес, ол жоспарлау, тиімді басқару, коммуникация және инновацияны біріктіретін сала. Біз осы саладағы білімді түсінікті тілде жеткізіп, кәсіби дамуға қызығушылық танытқандар үшін пайдалы ақпарат көзін жасауға тырыстық.

Сонымен қатар, біз қазақ тілінде кәсіби ақпараттың қолжетімді болуын қолдаймыз және өз тілімізге деген қызығушылықты арттырғымыз келеді. Бұл сайт — логистика мамандығының студенттері мен болашақ мамандарға, сондай-ақ логистикаға қызығатын әр адамға арналған нақты және сапалы ресурс.